Қазақстанда жалған счет-фактуралар сататын кәсіпорындар пайда болды

None
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда сауда-саттық жасаумен айналысатын кәсіпорындарға жалған счет-фактуралар сататын мекемелер пайда болды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифинг барысында ҚР Қаржы миинстрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Импортталатын қандай да бір тауардың кейбір құжаттары жоқ. Оны жеке тұлға ретінде алып келеді. Содан кейін кәсіпкер аталған тауарларын құжатсыз сатылымға шығарады. Міне, осы кезде жалған кәсіпорындар келіп, жасанды счет-фактуралар сатады», - деді министр.

Сондықтан да Б.Жәмішевтің атап өтуінше, бүгінде кедендік әкімшілеудің өтпелі жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындап отыр. Ал бұл жағдайда бинесменге шығынға қатысты шынайы құнын көрсету тиімді болмақ. Кедендік әкімшілеуді жетілдурге бағытталған соңғы шаралар дәл осы мәселелерді шешуге бағытталған.