Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексеріледі

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда орын алған авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Kazinform

Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі.

Сондай-ақ жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі.

Осыған дейін Қазақстанда ақылы автожолдарды тегін пайдаланатын көлік санаттары белгілі болғаны туралы жаздық.