Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 17 сәуірінде өткен кеңейтілген кеңесте Үкіметтің алдына 2011 жылы экономиканың 7 пайыздық өсіміне қол жеткізу туралы міндет қойған болатын.
Алдағы бес жылда Қазақстан табысы жоғары деңгейдегі елдердің қатарына кіруі керек. 2016 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың АҚШ долларынан кем болмауы үшін экономика жыл сайын 7 пайыздан кем болмайтын қарқынмен өсуі тиіс. 2011 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 7,5 пайызды құрады.