«Еліміздегі төтенше жағдай режимінде Еңбек министрлігімен ғана жұмыс істеп отырған жоқпыз. Жақында ғана 42500 қызметі жедел түрде іске қосылғанын білесіздер. Жақын арада Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, танымал қызметтердің бірі - автокөлік тіркеуді онлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда автосалоннан алынып жатқан көлікті айтып отырмыз. Қолданыстағы автокөлікті сатқыңыз келсе, «Электронды үкімет» порталында немесе eGov mobile мобильді қосымшасында құжат рәсімдеуге болады», - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін А. Оспанов 1414 бірыңғай байланыс орталығы қызметкерлерінің 200-ден 2000-ға дейін көбейгенін хабарлаған еді.