Қайта сатылған жайластырылған пәтердің 1 шаршы метрінің орташа құны мамыр айында 186 564 теңгені (өткен айдағы көрсеткіштен 0,2 процентке және өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,5 процентке артқан), ал жайластырылмаған баспана - 115 513 теңгені (сәйкесінше, 0,1 процент және 0,9 процент) құрады.
Қазақстанда жайластырылған баспананы жалдаудың 1 шаршы метрінің орташа бағасы өткен айда 1341 теңге (0 және 0,9 процент) болды.