Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихаты барысында белгілі эколог Мэлс Елеусізов айтты.
М.Елеусізов басқаратын «Табиғат» экологиялық одағының құрылғанына биыл 30 жыл болған.
«Мемлекет пен партия үшін басты құндылық – адам. Адам тек жайлы ортада ғана өзін бақытты, күшті, бақуатты сезінеді. Су, экологиялық таза тағам, әлеуметтік климат – барлығы қоршаған орта. Біздің партиямыздың басқаларынан айырмашылығы неде? Біздің мүддеміз ең басты құндылық - адаммен байланысты. Біздің мақсатымыз - адамға жайлы орта қалыптастыру. Парламентте қоршаған ортаның тазалығын қорғайтын бір де бір құрылым жоқ. Адамның бір күндік қажеттілігін ойламай, оның болашағын, келешегін ойлаған мемлекетке де пайдалы болмақ», - деді Мэлс Елеусізов.
«Табиғат» экологиялық одағының басшысы сыбайлас жемқорлық пен браконьерлікпен күрес – экологиялық одақтар мен бірлестіктердің бірінші кезектегі міндеті болатынын айтты.
«Адамдар баю мақсатында қоршаған ортаға нұқсан келтірсе оған қарсы күресті қатайтқан абзал», - деді Мэлс Елеусізов.