Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді
12:43, 23 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық кедендік заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексімен сәйкестендіру мақсатында биыл ЕАЭО-ның Кедендік кодексімен сәйкестендірілген жаңа ұлттық Кедендік кодекс әзірленеді», - деп атап өтті ол министрліктің алқа отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа Кедендік кодекс кедендік декларациялау мерщімін азайтады, әкімшілік кедергілердің көлемін кемітеді, заманауи теxнологиялардың енгізілуіне ықпал жасайды.