«2014 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді қайта сату бағалары 0,4%-ға, абаттандырылған тұрғын үйлерді сату 0,2%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,6%-ға төмендеді», - делінген хабарламада.
Республика бойынша орташа көрсеткіштегі жаңа тұрғын үй бағасы маусым айында шаршы метріне 214 350 теңгені құрады. Ал екінші нарықта бұл көрсеткіш шаршы метріне 168 986 теңге болды. Елімізде тұрғын үйлерді жалдау бағасы шаршы метріне - 1198 теңге.
Тұрғын үй бағасы нарығын бақылауды құрылыс компанияларымен қатар қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операциялар жасайтын бірқатар ұйымдар Астана, Алматы қалаларында және облыс орталықтарында жүзеге асырады, деп жазады strategy2050.kz.