Оның айтуынша, қазіргі кезде жаңа операторға қатысты мәселе көтеріліп жатқан жоқ.
- Қазір ондай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Өйткені бізде ратификацияланған халықаралық келісімдер бойынша тиісті шектеулер бар. Сондықтан, Қатардан бізге инвестор келген кезде, біз нарықты қорғау бойынша белгілі бір міндеттеме алдық, - деп түсіндірді Ж. Мәдиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, Tele2 мен ALTEL қатарлық инвесторға 1 миллиард долларға сатылатыны мәлім болды.
Power International Holding инфрақұрылымға шамамен 300 млрд теңге қаражат бөледі. Оған қоса, базалық станцияларды салу, 5G базалық станцияларын орнату бойынша міндеттемелер бар.