«Өрттер статистикасы көрсетіп отырғанындай, өрт оқиғалары әсіресе Жаңа жыл мерекесі кезеңінде көптеп орын алады. Егер Қазақстанда тәулігіне 50-60 өрт шығатын болса, Жаңа жыл мерекесі күндері өрттер мен зардап шеккендердің саны 3 есе артады», - дейді М.Хасенов.
Мәселен, өткен жылы жаңа жылды қарсы алу мерекесі күндері 194 өрт шығып, 16 адам қаза тапты. Соңғы үш жылда мереке күндері барлығы 553 өрт тіркеліп, 42 адам қаза болған.
«Мұндай өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторында болатынын атап өткен жөн. Бұл мемлекеттік өрт бақылау тұрғысынан барынша реттелмей отырған сала. Статистика бойынша Қазақстанда өрттердің шамамен 68 пайызы тұрғын үй аумағында болады. Жаңажылдық мереке күндері бұл цифр шамамен 82-85 пайызға артады», - деп түйді сөзін басқарма бастығы.
Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңа жылды атап өту іс-шараларын өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.