Қазақстанда жанармай сапасы еуропалық деңгейден төмен - Н.Қаппаров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жанармай сапасы еуропалық деңгейден төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Еліміздегі жанармай сапасы еуропалық деңгейден төмен. Себебі, жергілікті мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік жабдықтары ескірген және бөлшек сауда орындарында стандарттар сақталмай келеді», - деді министр.

Н.Қаппаров сондықтан министрлік өндірілетін жанармай сапасын жоғарылату үшін жаңа стандарттарды әзірлеу шараларын қарастыруды көздеп отырғанын атап өтті.