Ол «Жолымыз бір» деп аталады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.
«2016 жылдың басынан бастап, Қазақстандағы «Газпромнефть» жанар-жағармай бекеттері желісі «Жолымыз бір» деп аталатын бонустық бағдарламаны іске қоспақ. Көлік жүргізушілері жанармайға кеткен шығынның 3 пайызын үнемдеуге мүмкіндік алады. Бұл жеңілдіктер автокөлік жүргізушілеріне арналған карталарға онлайн режімінде бонус түрінде енеді. Бағдарламаға қатысушыларға тиімді болуы үшін біз картаның «Күміс», «Алтын» және «Платина» деп аталатын бірнеше деңгейін белгіледік. Олардағы жеңілдік көлемі ай сайын жанармайға жұмсалған сомаға байланысты болмақ. Яғни, деңгейі артқан сайын картаға келіп түсетін ақшаның көлемі де көбейе түседі », - деді өз сөзінде «Газпромнефть-Қазақстан» компаниясы бас директорының бөлшек сауда жөніндегі орынбасары Руслан Полетаев.
Айта кетелік, мұндай картаны 800 теңгеге сатып алуға болады. Компания өкілдерінің айтуынша, аталған бағдарлама бойынша 2016 жылы клиенттерді қамту деңгейін 55 пайызға өсіру көзделіп отыр. Яғни, «Газпромнефть» бекеттеріне келетін 100 клиенттің кем дегенде 55-сінде осындай бонустық карта болады деген сенім бар. Картаға түскен ақшалар балл түрінде есептеледі. Оны көлік жүргізушілері қалағанынша жұмсайды, яғни тек осы жанармай бекеттерінде мұнай, азық-түлік өнімдерін сатып ала алады немесе осы бекеттерде орналасқан дәмханаларда тамақтануына болады.