Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне орай 26 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады, ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді.
- Қалған аумақта солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы төмендейді: республиканың батысында 18 26°С, солтүстікте, шығыста 5 10°С, орталықта 7 15°С, оңтүстікте 12 20°С, таулы аймақтарда 2 10°С дейін», - делінген хабарламада.