Балалардың жарақаты тек Қазақстан ғана үшін емес, көптеген әлемдегі елдер үшін кең ауқымды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Ол туралы әр түрлі алған жарақаттан балалардың өлім-жітімі деңгейінің жоғарылығы дәлел. ДДҰ-ның және ЮНИСЕФ-тің балалар жарақатының алдын алу мен бағалау туралы әлемдік баяндамасына сәйкес жыл сайын әлемде 830 000 бала қаза тауып, ал ондаған миллион бала алынған жарақаттың салдарынан мүгедек болуда. Жарақаттан болатын өлім-жітімнің басты себебі - жолдағы апат, суға бару, күйіп қалу, құлау, улану. Жарақат алған балалардың көбі ауруханаға жатқызылады және өмір бойы мүгедек болып қалу қаупін төндіреді, ол денсаулық сақтау саласының ресурстарын азайтып, үлкен әлеуметтік және экономикалық залал әкеледі.
Балалар жарақаты мәселесінің әлеуметтік маңыздылығы айқын және осы мәселені шешуде барлық қоғам күшін біріктіру қажет.
Жарақат мәселесін шешудің бірден-бір жолы жеке қауіпсіз тіршілік әрекетіне, барлық мағынада өз денсаулығын өзі сақтау, сондай-ақ басқа адамдардың денсаулығына ұқыпты қарау секілді жауапты қарым-қатынасты тәрбиелеуде көрінеді.
Профилактиканы бірнеше деңгейде іске асыру маңызды, әсер ету объектісі - социум (оның жарақат алуға қауіпсіздігін төмендету мақсатында қоршаған орта), ұжым (мектеп, балалар мекемесі); отбасы, жеке адам.
Балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында жарақаттың алдын алу және қоғамда барлық қызығушылық танытқан тараптардың күшін біріктіру мақсатында Қазақстанда жыл сайын 1-30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер, жастардың арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың, көпшіліктің, БАҚ-тың және барлық халықтың назарын аудару мақсатында «Әрқашан мұқият бол!» ұранымен айлық өткізіледі.
Айлық барысында жол қозғалысы ережесі, дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидалары туралы білім деңгейін арттыруға және өзін-өзі қорғау мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған шаралар, барлық қызығушылық танытқан тараптардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, пікірталастар, баспасөз мәслихаттары, БАҚ-қа хабарлау арқылы семинар-тренингтер және т.б. өткізу жоспарланған.