Қазақстанда жарияланған сурет байқауына алтын жалатылған туындылар ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Бірлік» партиясы «Отаным менің-Моя страна» атты сурет байқауының басталғаны туралы жариялады.

Бұл байқаудың мақсаты өз еліне деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті насихаттауға негізделген. Осы себептен Республикалық сайлауалды штабта таңертеңнен бастап мерекелік қызу дайындық жұмыстары басталып кетті. Бұған сайлауалды штабтың мүшелері, сондай-ақ партияның жастар қанатының өкілдері қатысты.

Депутаттыққа кандидаттар, партия мүшесі Роза Қуанышбаева мен партияның Жамбыл филиалының төрағасы Асқар Сыздықов журналистерді саяси ұйымның ресми сайтында орналастырылған конкурс ережесімен таныстырды, сондай-ақ оған алғашқы төрт қатысушы туралы әңгімелеп берді. Жіберілген жұмыстар партиялықтарды өзінің әралуандығымен қуантты. Оларда қала пейзажы, туған жердің жазиралы даласы, ата-бабаларымыздың тұрмысы мен салты бейнеленген. Қатысушылар үйреншікті майлы бояуларды да, сондай-ақ әдеттегіден тыс материалдар: ағаш қабығы, кенеп жіпті, алтынды да пайдаланған.
Атап айтқанда, осы еңбектердің арасында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Гүлмарал Татыбаеваның суреттері ерекше көзге түсіп отыр. Ол өз туындысында алтын жалатылған элементтерді пайдаланған. Партия мүшелері партиоттықты насихаттайтын конкурсқа барынша зор көңіл бөлуді жоспарлап отыр, қазақстандықтардың қолдауын және белсенді қатысуын күтеді.
«Келер ұрпаққа табиғаты ластанбаған таза Қазақстанды қалдыру қажет, сондықтан экология туралы ойлануымыз қажет», - дейді «Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышбаева.
«Отаным менің-Моя страна» конкурсына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Конкурсты өткізу туралы егжей-тегжейлі ереже жалпыға бірдей қолжетімді, яғни оны партияның ресми сайтынан қарауға болады.Жеңімпазды арнайы комиссия анықтайды, комиссияның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мен сарапшы суретшілер кіреді. Конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыс 11 наурызда жария етіледі және партияның ресми сайтына орналастырылады.