Есепті кезеңде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ 476 тонна бериллий және 65 тонна тантал өнімдерін шығарды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2014 жылдың сәуір-маусым айларында Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысындағы тұтынушылар үшін 1 153 млн кВт*сағат электр энергиясын, 650 мың ГКал жылу энергиясын, 313 млн текше метр су, соның ішінде 3,05 млн текше метр ауыз су өндірді. Бұл көрсеткіштер өңірдің қуат ресурстары мен суға болған сұранысын қанағаттандыра алады. «Қазатомөнеркәсіпе» ҰАК» АҚ өзінің даму бағдарламасына сәйкес екінші тоқсанда да Компания қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша конверсия, байыту және ядролық отын өндіру салаларындағы жұмыстарын табыспен жалғастырды. «SARECO» БК» ЖШС 2014 жылдың II тоқсанында сирек жер металдардың ұжымдық концентратын бөлу және одан әрі Жапонияға жеткізу үшін жөнелтуді бастады. «Astana Solar» ЖШС II тоқсанда жиынтық қуаты 2,2 МВт энергияға тең 9 231 панель шығарды.