Қазақстанда жас маман мәртебесі анықталады

Фото: None
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда жас маман мәртебесін анықтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Мадияр Қожахмет pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Біз жас маман мәртебесі мен оны қолдау нормаларын анықтауды жоспарлаудамыз, депутаттармен бірге талқылау үшін бірнеше ұсыныстар мен нұсқалар дайындалып та қойылды», - дейді М.Қожахмет.

Жастар саясаты департаментінің басшысы бүгінгі күні жоғарғы оқу орнын бітірген, және өз мамандығы немесе соған ұқсас басқа мамандық бойынша 3 жыл бойы жұмыс істейтін жас азамат жас маман болып есептелетінін айтты.

«Жас маман мәртебесін анықтау үшін біз жоғарғы оқу орнын бітірген, бірақ өз мамандығына жақын сала бойынша жұмыс істемейтін адам жас маман болып есептеле алмайды деген ұсыныс енгізгіміз келеді. Бұл қажет мамандықты таңдап, сол бойынша жұмысқа орналасуға ынталандыратын болады», - деп атап өтті М.Қожахмет.

Екінші ұсыныс - жоғарғы оқу орнын сырттан бітірген адам жас маман болып есептелмейтіндігі. Сонымен қатар, департамент жас маманды құқықтық қорғау жөніндегі ұсынысты да ойластыруда. Мысалы, жас маман мәртебесі мен оның құқығын заңдастыруды оңайлату шаралары ұсынылмақшы, бұл ақылы еңбек демалысын алу құқығы  мен жұмыстан қысқартылудан қорғалуға да қатысты.

Жас маман позициясы  құқықтық аспектілерде артта қалып қоймайтындай етіп реттелуі керек. Оның оқу демалысына құқысы болуы керек, ол жұмыстан шығып қалудан қорғалуы қажет», - деп баса көрсетті М.Қожахмет.

Бұл жыл Қазақстан жастары үшін айтарлықтай әрі өзгерістер жылы болды. Мемлекет оған артта келе жатқан, тек әлеуметтік көмекті ғана қажет ететін  лек ретінде қарауды қойды, керісінше олармен серіктестік қарым-қатынасқа көшті. Жеке бастың бәсекеге қабілеттілігі мемлекет пен жастардың өзара қарым-қатынасындағы ең негізгі тұс болып табылады», - деп қорытындылады сөзін ҚР БҒМ жастар саясатының басшысы.