Қазақстанда жас отбасылар фестивалі өтеді
«Сонымен қатар, ұлттық болмысты сақтау және дәстүрлі құндылықтарды насиxаттау мақсатында «Бірге өмір сүру!» жастар фестивалі ұйымдастырылатын болады. Оған жас отбасылар қатысады», - деді министр Ермекбаев бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслиxатында.
Министрдің айтуынша, жас отбасыларды қолдау мен бала тәрбиесі жастар саясатының басты бағыты болып қала береді. Бұдан бөлек, ауыл жастарының уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесіне баса назар аударылады. «Биыл жастар саласындағы үкіметтік емес ұйымдарға алғаш үш грант қарастырылады. Оның жалпы сомасы 30 млн теңге. Ол ақша арнайы жастар ұйымдарына бөлінді», - деп атап көрсетті Ермекбаев.
Айта кетейік, баспасөз мәслиxатында министр «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының екі жылда бір рет емес, жыл сайын берілетінін тағы бір мәрте еске салды.