Оның сөзіне қарағанда, былтырғы желтоқсанда Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта осы жабдықпен қанатқақты түрде операция жасалды. Бұл операция сол кезде сәтті өткен екен.
Атап айтқанда, биыл тағы да бірнеше операцияны жасау жоспарланып отырған көрінеді. Осы медициналық жабдықтың өндірісі Назарбаев Университетінің технологиялық паркі базасында алдағы жылдың орта кезінде іске қосылатын болады. «Оның құны жабдық өндірісін іске қосқаннан кейін айқындалады. Алайда, бұл жабдықпен жасалатын операция бағасы бүгінде жасалып жатқан бағаға қарағанда ондаған есе арзан болады»,-деді Байғарин. Осы орайда, ол ғалымдардың жасап шығарған бұл аппаратын Қазақстанның клиникаларымен қатар, көршілес елдердің де медициналық мекемелері пайдаланатындығын атап өтті.