ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Қарағандыда жергілікті өндірушілер өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бүгін облыс кәсіпорындары өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Жергілікті сауда үйлерінің бірінде ашылған акцияны облыс әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Шара мақсаты - отандық өндіріс тауарларын насихаттау.

Көрме-жәрмеңкеге 30-ға тарта жергілікті азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар өндірушілер қатысты. Онда нан-бөлке, кондитер, шұжық, балық, сүт, көкөніс өнімдері ұсынылды. Сондай-ақ құс фабрикасы мен маргарин зауыты өз өнімдерін қойды.

Келушілер жергілікті өндірушілер өнімдерінің дәінм татып, оның сапасын анықтады.

Көрмеде төек-орын, ұйық және мата бұйымдары, үйді жөндеуге қажетті тауарлар болды. Қарағанды аяқ киім фабрикасы ер адамдардың аяқ киімдерін саудаға шығарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде облыс қалалары мен аудандарында «Қазақстандық тауарды сатып ал» акциясына 160-тан астам дүкен қатысуда. Сауда орындарында отандық өндіріс тауарларының сөрелері жасақталған, қазақстандық тауарлардың логотиптері ілінген.