Нетбуктың жиілігі 2 ГГРЦ болатын 4 ядролық процессоры бар. USB-і 3,1. Нетбук сонымен қатар аудио/микрофонмен, карт ридермен жабдықталған. Intel UHD Graphics 600 видеокартасы, одан бөлек 4,2 стандартты Bluetooth адаптері бар. Нетбуктың жедел жады 8Гб. Windows ® 10 Pro операциялық жүйесі орналастырылған. Батареясының қуаты сағатына 40 Ватт. Автономды жұмыс уақыты 10 сағатқа дейін шыдамды. Экранының диагональі 11,6 дюйм.
Камерасының ерекшелігі – 180 градусқа бұрылады.
Нетбуктың бағасы 134 мың. Өндірушілердің айтуынша, бұл өнім шетелдік нетбуктардан еш кем емес.
Өнім «СТ-KZ» сертификатына ие. Бұл нетбукты шығаратын зауыт қажетті құрал-жабдықтардың 40 пайызын Қазақстанның өз ішінен жинайды. Қазіргі уақытта бұл компьютерлер отандық білім беру мекемелерінде қолданыста бар. Алдағы жылдары өндірушілер қазақстандық ноутбуктар мен нетбуктарды шет елдерге экспорттауды көздеп отыр.
Нетбуктың сипаттамасын мына видеодан білуге болады.