Көрмеде еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Көрменің негізгі бағыты: жаңа кәсіпорындар, жаңа өндірістік тізбектер, шығарылатын өнімді жандандыру және кеңейтудегі жаңа бастамалар. Онда азық-түлік өнімдерінің ерекше түрлерінен бастап түймеге, аяқ-киім, тұрмыстық жуу құралдары, антифриз, доңғалақ жұптары және темір жолға арналған бұру құралдарына дейін өнімдердің бүкіл тізімі ұсынылды. Бұдан басқа, іс-шара аясында «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ және отандық тауар өндірушілері арасында өнімге Бірыңғай логотипті түсіру туралы 20 меморандумға қол қойылды.
01:19, 03 Шілде 2015
«Қазақстанда жасалған»: Ойыншықтан тұрмыстық химия тауарларына дейін (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2 шілде күні Астанада «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» отандық тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты.