АСТАНА. KAZINFORM — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан жасанды интеллект және инновацияны дамыту комитеті құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, жаңа ведомство жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге және жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға жауап береді.
Мұнан бөлек, Үкімет қаулысымен аталған министрлікке қарасты Геодезия және картография комитеті таратылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.