Президент негізгі екпін ақылды экожүйені құруға бағытталатынын атап өтті. Оның мүмкіндіктеріне көптеген салалық деректі талдау кіреді. Бұл тәуекелді болжау мен алдын алудың тиімді модельдерін құруға мүмкіндік береді және реформалардың максималды әсерін қамтамасыз етеді.
«Осы мақсатта Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Назарбаев Университетінің базасында жасанды интеллектінің ұлттық кластері құрылады. Ауқымды ақпаратты тиімді өңдеу үшін деректер орталықтары жасақталады. Алдағы бес жылда біз осы бағытқа шамамен 500 миллиард теңге немесе миллиард доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Әрине, біз Одақтағы және аймақтағы серіктестерімізді жан-жақты ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді Мемлекет басшысы.