«2013 жылы шамамен 84 мың жасанды түсік жасалған болатын. Егер, өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы көрсеткішпен салыстырар болсақ, ол кезде бала тууға қабілетті жастағы 1000 әйелдің 180-і жасанды түсік жасататын. Ал қазір бұл көрсеткіш 10 есе төмендеді. Яғни, бала тууға қабілетті 1000 әйелдің 18,4-і түсік жасатады», - деді Т.Құдайбергенов.
Оның атап өтуінше, бүгінде жасанды түсік жасату еліміз Тәуелсіздік алған елең-алаң кезеңдегі көрсеткіштен 3 есеге төмендеп отыр. Қазіргі уақытта әйелдер медициналық түсікті бала тууға қабілетті 19-34 жасында жасатады.