Әлемде жастар санатына 10-нан 35 жасқа дейінгі адамдар жатады. Қазақстанда «жастар» ұғымы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР заңында анықталған, еліміздегі 14-тен 29 жасқа дейінгі барлық азамат жастар санатына жатады. Қазір Республикада осындай жас азаматтардың саны – 3 765 383.
Бүгін қазақстандық жастар экономикалық, әлеуметтік және өзге де сын-қатерлерге тап болып отыр. Жастарға жәрдемдесіп, бағдар сілтеудің маңызы зор. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық аймағында Жастар ресурстық орталықтары (ЖРО) құрылған. Олар ақпараттық-әдістемелік, консультациялық көмек беріп, жастар ортасындағы жағдайды бақылауды жүзеге асырады. Республика бойынша 209 ЖРО бар: 12 облыстық, 35 қалалық және 162 аудандық.
Жастар саясатын іске асыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді.
Жыл басынан бері ЖРО мамандарына 3 көлемді семинар-тренинг өткізілген. «ProInfo» семинар-тренингінде түрлі тақырыптар қозғалды.
Жыл басынан бері «Жастар» ҒЗО жанындағы «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» аясында семинар-тренингтерге еліміздің түкпір-түкіпірінен маман қатысып, біліктілігін арттырып, білімін шыңдады.