«Білім және ғылым министрлігінде анағұрлым ірі бөлім - Жастар ісі жөніндегі комитет құрылуда, қазір жастар саясаты жөніндегі өңірлік басқармалар құрылып жатыр», - деді Н.Өтешев.
Оның пайымынша, жаңа комитеттің құрылуы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа қадамы болады. Аталған шаралар барлық деңгейдегі жас қазақстандықтардың әлеуетін ашуды көздейді.
«Мемлекет жастар мәселесіне жоспарлы түрде жақындап келеді, олардың көкейкесті мәселелеріне барған сайын терең үңіліп, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсынуда», - деп атап көрсетті ол.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігі құрылымында Жастар саясаты жөніндегі комитет, ал өңірлерде - тиісті басқармалар құру туралы тапсырма берген болатын.