«Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» ҰАҚ базасында ҚР Энергетика министрлігінің күш-жігері арқасында «Жасы көпір» институтының құрылатындығын атап өткен маңызды.
Мұнан бөлек, меморандум аясында тараптар «жасыл» экономика бағыттары мен Жасыл көпір серіктестік бағдарламасы жобалары бойынша зерттеулер жүргізу шараларын ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіретін болады.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жасыл көпір» институтына жоғары білікті ғылыми кадрлар мен материалдық база тартылатын болады. Бұл шаралар инновациялық технологияларды тартуға жәрдемдесу және «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған жобаларға ғылыми қамқорлықты қамтамасыз ету үшін жасалады.