Республиканың тек оңтүстік, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, кейбір жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарынла, күндіз Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасынды желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал, Ақмола облысында түнде жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді, жел екпіні 23-28 м/с болады, күндіз кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұрқасын көтеріледі.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі, Жамбыл облысының кейбір жерлерінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, су деңгейлерінің ауытқуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.