Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы пенитенциарлық жүйе туралы өзекті мәселелер бойынша жолданған депутаттық сауалдарға жауап берген Олжас Бектеновтың жауабында айтылған.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбек сотталғандарды түзету мен әлеуметтік ортаға бейімдеудің басты құралы болып қалып отыр. Жұмыспен қамтылған сотталғандардың тәртіп бұзу жағдайлары өте сирек кездеседі. Бұл өз кезегінде бас бостандығынан айыру орындарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондай-ақ еңбекпен табылған табыс сот шығындары мен алименттерді және өзге де міндеттемелерді төлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі еңбекке жарамды 22 мың адамның 12 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды, -делінген ҚР Премьер-министрінің жауабында.

Қылмыстық атқару жүйесінде басты жұмыс беруші «Еңбек» РМК-сы болып табылады. Аталмыш мекеме:

жеңіл өнеркәсіп;

құрылыс-монтаждау жұмыстары;

күзет қызметінің инженерлік-техникалық құралдарын монтаждау, жөндеу;

бейнебақылау жүйесі, коммуналдық қызметтер; тамақтандыруды ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру сияқты жұмыстарды жүзеге асырады.

Павлодардағы колонияда халал сабын және спорт киімдері өндіріле бастағаны туралы жаздық.