Қазақстанда жедел лимфобластық лейкозға шалдыққан балалардың 80,1 пайызға жуығы ауруынан сауығуда
Оған елімізден ғана емес Белорусь, Германия, Қырғызстан, Нидерданды, Польша, Ресей, Тәжікстан, Украина, Ұлыбритания, Чехия сияқты алыс-жақын шет елдерден 300-ден астам делегат қатысуда. Бұл шара Республикалық балалар онкогематалогиялық орталығының 20 жылдығы мен ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, медицина ғылымдарының докторы, педиатрия ғылымының көрнекті қайраткері Әукен Мәшкеевтің 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры, Педиаторлар одағының басқарма төрайымы Сәуле Нүкішеваның айтуынша, 20 жыл бұрын елімізде лейкемияға шалдыққан балалардың емделуі туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін болмаған еді. Қазір жедел лимфобластық лейкозға шалдыққан балалардың 80,1 пайызға жуығы сауығып кетуде.
«Республикалық балалар онкогематалогиялық орталығы «КЭР-Германия» неміс ұйымының қолдау көрсетуімен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында ұйымдастырылған болатын. Онда 20 жылдың ішінде күрделі гематологиялық аурулармен келген 10 мыңнан астам бала емдеуден өтті. Сондай-ақ балалық шақтағы ісіктерді бағдарлама бойынша емдеуге қатысты жинақталған білім мен тәжірибенің арқасында ең жоғарғы технология саналатын гомопоэтикалық өзек жаcушаларын трансплантациялауды республика аумағында ендіруге мүмкіндік алды», - дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор С. Нүкішева.