Қазақстанда жедел жәрдемнің жаңа екі деңгейлі интеграцияланған қызметі енгізіледі
22:45, 08 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жаңа жедел және шұғыл жәрдем жүйесінің ерекшеліктерін баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жедел және шұғыл жәрдем көрсетудің жаңа екі деңгейлі интеграцияланған қызметі енгізіледі: Республикалық санитарлық авиация орталығының базасында жедел медициналық жәрдем көрсетудің ұлттық үйлестіруші орталығы және облыстық жедел жәрдем қызметі.
Сонымен қатар, облыс деңгейінде жедел жәрдем қызметі қалалық, аудандық және ауылдық қызметті бір медициналық ұйымға біріктіреді және медициналық қызмет ортақ GPS жүйесін енгізу базасында бірыңғай «Сall center» арқылы ұйымдастырылады. Бұл өз кезегінде келіп түскен хабарлардың жылдамдығын арттырып, пациенттерді тасымалдау бағдарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.