«Маусым айының басынан блокпостар алынады. Сәйкесінше, өңірлер мен облыс орталықтары арасында автокөлік қатынастары жанданады. Осы орайда тұрғындар теміржол немесе автобус көлігімен қатар, жеке көлігімен де сапарлай алады», - деді С. Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпосттарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады.