Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ 600 мың азамат бар - Әділет министрлігі
16:27, 22 Маусым 2010
аусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанда бүгінде жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ 600 мың азамат бар. Бұл туралы бүгін www.bnews.kz порталында болған он-лайн конференцияда Әділет министрлігінің Тіркеу комитеті төрағасының орынбасары Венера Калимова мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда құжаттарды алмастыру жұмыстары өте белсенді жүріп жатыр. Бұл бағытта бізге банктер мен салық органдары тұрғындарды қажетті құжаттар жөнінде жан-жақты мәліметтер беріп, жақсы қолғабыс етуде. Алдында атап өткен 600 мың адам ол жеке сәйкестендіру нөмірі жазылмаған ескі куәліктерді ұстап жүрген азаматтар», деді комитет төрағасының орынбасары.