Қазақстанда жеке тұлғалардан алынатын мүлік пен жер салығын біріктіру ұсынылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеке тұлғалардан алынатын мүлік пен жер салығын біріктіру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салықсалу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттықэкономика министрлігі әзірлеген заң жобасы шеңберінде көппәтерлі үйлердіңменшік иелері үшін жер салығын жою және жеке тұлғалардан алынатын мүлік жәнежер салығын бір салыққа біріктіру ұсынылуда»,-делінген баспасөз қызметітаратқан ақпаратта.

Сондай-ақ онда жаңалықтың негізгі мақсаты – жеке тұлғалардың мүлік пен жерсалығын төлеуін жеңілдету екені айтылған.

Заң шығарушылар жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын салық салу нысаны,салық базасы, мөлшерлеме, есептеу және төлеу секілді салық элементтерінөзгертпей, біріктіруді ұсынып отыр.

Екі салық бір төлеммен алынады. Мөлшерлеме бұрынғыдай, ештеңеқымбаттамайды, тек салық төлеу тәсілі қолайлырақ болмақ. Осы күнге дейін екітүрлі салық, түрлі есептеу әдістемесі, екі түбіртек салық төлеушіге қолайсыздықтудырып келді.

Ал көппәтерлі тұрғын үйдің меншік иелеріне салынатын жер салығын мүлде жоюкөзделуде. Өйткені болмашы салық үшін нысанның көптігі мен есептеудің қиындығысебепті әкімшілендіруге көп шығын кетеді.

Қазіргі уақытта құжат мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өткізілуде.Ағымдағы жылғы күзде оны Парламентке енгізу жоспарланып отыр.

Құжаттың мәтіні Министрліктің ресми сайтында және нормативтік құқықтықактілердің ашық порталында орналастырылған.

Нормаларды енгізудің жоспарланған мерзімі – 2020 жыл.

Соңғы жаңалықтар