Қазақстанда жекешелендірілуі тиіс 675 нысанның 245-і сатылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрнің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында жекешелендірудің бес жылдық бағдарламасы қалай іске асып жатқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 57 млрд теңгеге 240 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 65 объекті сатылуға қойылды. 36 объекті қайта ұйымдастырылды және таратылды. 334 объекті сату алдындағы дайындықта», - деді министр.