Қазақстанда жексенбі күні жауын-шашынды болып, найзағай ойнайды, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Қостанай облысында тұман түседі.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с, ұйытқуы 23 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 3 градусқа дейін қатқақ болады.