Ауа райы болжамы ҚР ТЖМ ресми сайтында жарияланған.
Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Атырау облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.