Қазақстанда жеңіл автокөліктер саны 5 млн 42,4 мың бірлікті құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде жеңіл автокөліктің қолда бары 5 млн 42,4 мың бірлікті құрады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-қазанда республикада 613 421 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,3 пайызға жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, есепті кезеңде еліміз бойынша ең көп жеңіл автоөкліктер тіркелген өңір Оңтүстік Қазақстан (77 мың 338 бірлік) облысы, Алматы қаласы (73 мың 668 бірлік) және Алматы облысы (72 мың 612 бірлік) болып отыр.