Ұлттық статбюроның 1 наурыздағы мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны - 4 584,5 мың.
Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.
2023 жылғы ақпанда 1 715 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен.
Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайды.