Ол үшін жер қойнауын пайдалану жұмысын барынша жеңілдету жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Қазіргі кезде Кодекстің бастапқы нұсқалары шықты. Олармен танысуға болады. Ендігі мақсат - сол құжаттарды алып, ел-елді аралап, ң барлық тармақтарын кеңінен талқылау. Онда көп өзгерістер енгізіліп жатыр. Негізгі мәселе, инвестицияларды көтеп тарту үшін көп нәрсені ықшамдап оңтайландыру қажет. Сосын xалықаралық стандарттарға көшу керек. Оны істемесек, биржалар мен банкілер біздің есептерімізді алмауы мүмкін. Содан банкіден несие алу қиындап кетеді. Бұдан бөлек, қазіргі кезде инвесторлар есепті екі жаққа да жасауға мәжбүр. Қазақстанның ішкі заңы бойынша бір есеп, екіншісі - өздерінің инвесторларына. Сондықтан бәрін біріктіріп, бір есепке келтіру керек. Бұл мәселе жаңа Кодексте бар. Әйтпесе, қазіргі заңнама аясында бір адам үйін салайын десе, топырақ та ала алмайды. Өйткені мұнай ұңғымасын ашатын кәсіпкер сияқты барлық процедуралардан өтуге мәжбүр", - дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрбаев.
Оның айтуынша, келесі жылы маусым айына дейін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекс Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілуі тиіс. Ал 2018 жылдан бастап оны іске асыру қажет.