Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға баламалы салық енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға баламалы салық енгізілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Шафкат Құдабаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Теңіз және шектен тыс тереңдіктегі көміртегі шикізатын өндіруді ынтыландарыу мақсатында жер қойнауын пайдалануға балама салық енгізілді»,-деді Шафкат Құдабаев.

Оның сөзінше, бұл қосымша салық емес. Ол пайдалы қазбалар салығы, тарихи шығындардың өтемін төлеу, жоспардан тыс жоғары кіріс салығы, мұнай экспортының рент салығын төлеу сияқты жер қойнауын салық міндеттемелерін баламалы түрде атқаруына жасалған мүмкіндік іспеттес.
«Жер қойнауын пайдалануға салынған баламалы салық сыйақы мөлшері мен бағам айырмашылығын есептемегенде корпоративті табыс салығына ұқсас»,-деп түсіндірді Шафкат Құдабаев.

Жер қойнауын пайдаланудың балама салығының басты ерекшелігі ол жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан бір рет таңдап алынып, келісім мерзімінің соңына дейін өзгеріссіз қолданылады.