Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына өндірістік мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік Каспий онлайн желісін құру мәселесі қаралап жатыр

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Елімізде жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына өндірістік мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік аймақтық Каспий онлайн желісін құру мәселесі қаралып жатыр.

Бұл туралы Астанада өткен «Каспий қайраңын дамыту» атты конференция барысында ҚР Қорғашан ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім мәлім етті.

Кездесу Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін талқылаудан басталды. «Теңіздегі мұнай операцияларын экологиялық қауіпсіздікпен қатамасыз етудегі Каспий маңы елдерінің тәжірибесі мен ынтымақтастығы» тақырыбында өткен отырыста қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім елімізде жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына өндірістік мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік аймақтық Каспий онлайн желісін құру мәселесі қаралып жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ Н.Әшім Каспий қойнауын пайдаланушыларды бекіре тұқымдас балықтарды көбейту үшін қаржы салуға шақырды.