Бұл туралы бүгін Өңірлік даму министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
1895 оқиға бойынша жалпы сомасы 296 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Ал 273 жағдайда ескерту жасалды. Сонымен қатар 2011 жылы салынған 569 айыппұлдың биыл 89,9 млн. теңгесі өтелді.
«Бірінші жартыжылдықта анықталған бұзушылықтардың 53 пайызы жерге мемлекеттік меншік құқын бұзу тұрғысында, 15 пайызы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз игеру немесе пайдаланбауға қатысты, ал 17 пайызы жерді мақсатсыз пайдалануға байланысты болып отыр»,-деп нақтылады вице-министр.