— «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын, — деп көрсетілген құжатта.
Сондай-ақ құжатқа сәйкес, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялау және министрліктің интернет-ресурсында орналастыру тапсырылған.
Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктеледі.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Бұған дейін еуродепутат Қазақстанмен ғарыш саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынған еді.