НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аймақтағы қордаланған мәселелерді шешуге халық белсене араласатын болады. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Президенті Өңірлерді дамытудың жаңа бағдарына тоқталды.
«Біздің қағидамыз баршаңызға мәлім: «Қуатты аймақтар - Қуатты Қазақстан!». Азаматтарымызды толғандырған нақты мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Аймақтағы қордаланған мәселелерді шешуге халық белсене араласатын болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.