Нәтижесінде жетімдер саны тағы да азая түспек. Қазірдіңөзінде жәудіркөздердің қатары кеміген. Өйткені өзгенің баласын өз бауырынабасып, мейіріміне бөлеген ата-аналар көбейді. Елімізде жетімдер азайып келеді.Жыл сайын шамамен мыңға кеміп отыр. Себеп ата-ана қамқорлығынсыз қалғандардыасырап, бауырға басқандар көбейді. Ел ішіндегі балалар үйінің үшеуі жабылған.Бесеуі ықшамдатылды. Нәтижесінде қазір еліміздегі тәрбиеленушілердің саны – 5мың. Дегенмен кей ата-ана асырап алған ұл-қызды қайтарып та жатады-мыс.
«Балалар үйіне келіпқайтарып беретін азаматтар бар. Бұл – үлкен проблема. Балалардың бойындағы жекеқасиеттерін көтере алмайтындар болады. Өздерінің балалары сияқты тілалғышболады деп үміттенуі мүмкін. Бірақ жетімдер үйінен шыққандардың барлығы бірдейбола бермейді. Түрлі қиындықты, сатқындықты көргендер. Сондықтан оларға ерекшекөзқарас керек», - дейді ҚР Білім жәнеғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы ГүлмираҚұлсариева.
Бізде баланы бауырғабасқысы келгендермен қоғамдық ұйым өкілдері жұмыс істейді. Бірақ, бұл тұрғыдағышаруаның бәрін арнайы ұлттық агенттікке беру керек,-дейді мамандар. Агенттікжұмысы әзірге заңдастырылмаған. Тиісті заң жобасы мәжілісте күзде қаралмақ.
«Агенттік жұмысын пилоттық негізде бастаудыұсындық. Балалар үйі біраз шоғырланған Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай,Қарағанды, Ақмола облыстарында жұмыс істесе де болар еді. Ал баланы асырапалуға келген ата-аналарға арнайы мектеп болу керек. Сол жерде барлығы үйретілуітиіс. Осылайша асырап алушылардың жауапкершілігін арттыра аламыз», - дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры БалияӘкімбекова.
Алдағы уақытта жұмысынбастайтын ұлттық агенттіктің мамандары асыранды балалар мен ата-аналардыңарасында денекерлік қызметін де қоса атқармақ. Әрбір отбасымен жеке айналысады.Жалпы қазір елде балаларды пана болар отбасыға беру ісімен қоғамдық ұйымдарбелсенді араласып келеді.
Сонымен қатар аталған қор жетімдер үйінен бала асырап аламын дегенотбасылырға да жәрдемдеседі. Осы күнге дейін 740жанұяға қажетті кеңес берілген. Нәтижесінде әлгі отбасылар мыңнан аса баланыбауырға басыпты. Бұл игі жұмыс әлі 3 жыл бойы жүйелі түрде жүргізілетін болса,5 мың жетім де өзіне қамқор болар ата-ананы табады.