Қазақстанда жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі 58,5 пайызға өсті

АСТАНА. KAZINFORM - Биылғы қаңтар-мамыр айларында жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,5 %-ға өсті.

Фото: Кazinform

2023 жылдың алғашқы бес айында 26 808 тонна жылу оқшаулағыш материалдар өндірілсе, осы жылғы сәйкес кезеңде өнім көлемі — 42 482 тоннаны құрады.

«Өндіріс көлемінің ұлғаюы Ақмола және Ақтөбе облыстарының үлесінен болды.

Еліміздегі жылу оқшаулағыш материалдардың негізгі өндірушілері — «ПТК „Izoterm“ (ШҚО), „Макинск Жылу оқшаулау зауыты“ (Ақмола облысы), „КазТермоГрупп“ (Ақтөбе облысы) және т. б. кәсіпорындар», — деп жазды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен.