«Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы 0,1 пайызға артқандығын растағым келеді. Сыртқы конъюнктура әсерінен біздің ұлттық экономика едәуір қиындықтарға тап болған еді. Бірақ біздің Үкімет, Ұлттық банкпен бірлесіп «Нұрлы жол» тәрізді бағдарлама әзірледі, «100 қадам» дағдарысқа қарсы жоспарын дер уақытында бастады. Барлық осы шаралар бізге қолайсыз сыртқы факторларға жауап беруге және биылғы жылдың бірінші жартысында оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік жасады», - дейді ол.
«ЖІӨ-нің 0,1 пайызға өсуі нені білдіреді? Біріншіден, ЖІӨ-нің мұндай оң көрсеткіші Қазақстанға бюджет тапшылығы әсерінен қосымша қарыз алудан арылтты. Салық есебінен бюджеттің кіріс бөлігі артқан тұста, бюджет тепе-теңдігі артады, өз шығындарын өтеуге қауқары жетеді. Екіншіден, Үкімет өз мойнына алып отырған барлық әлеуметтік міндеттерді орындауға, әсіресе оған қатты қажеттілік танытып отырған халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге мүмкіндік алады. Бұл көрсеткіш әлеуметтік міндеттемелердің деңгейін сақтап қана қоймай, оны жоғарылатуға да қауқарлы етеді», - деп атап өтті сарапшы.
Оның сөзі бойынша, ЖІӨ деңгейінің өсуі жаңа жұмыс орындарын ашуға да жол ашады. Себебі салалық бағдарламалар тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталып отыр.
«Жұмыспен қамтуды ұлғайту және құру өте маңызды, халық жұмысқа орналасып, онда тұрақтап қала алса, бұл Үкіметтің маусымдық немесе қысқа мерзімді жұмысы еместігін сезінеді. Сондай-ақ, ЖІӨ-нің өсуі шетелдік инвесторларды тарту үшін алғышарттар құрады», - деді С.Мәдиев.