«Биыл сайтты құруды жоспарлап отырмыз. Қолымызда қазір contorterror.kz деген сайт бар. Екінші сайтты біз ақпараттық-түсіндіру жарияланымдары мен жоғалған балалар жайлы портал құру мақсатында дайындаймыз. Құқықтық статистика комитеті мен Бас прокуратураның арнайы есебімен тығыз жұмыс жасаймыз. Солардан жоғалған балалар жайлы мәліметтер алатын боламыз», - дейді ол.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 5 мыңдай жоғалған бала тіркелген.
«Осыған сай біз аталмыш ақпаратты ғаламторға салып, өзге де елдерге таратып, мәселен, Ресей секілді елдерге мәліметтер жіберетін боламыз. Ғаламтордағы суицидтік топтармен бірлесе жұмыс істеп, әсіресе жасөспірімдерге қатты көңіл бөлеміз. Ғаламтор кеңістігіндегі мониторинг, алдын алу жұмыстарын, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырамыз. Біздің ойымызша, бұл іспен құқық қорғау және мемлекеттік органдармен қатар, біз сияқты қоғамдық ұйымдардың да айналысқаны абзал», - дейді Ш.Сабиров.
Естеріңізге сала кетейік, дөңгелек үстелде балалар мен жасөспірімдердің ғаламтордағы қауіпсіздік негіздері, педагогтар мен ата-аналар үшін балалар мен жасөспірімдердің сандық құралдарды пайдалану қабілетін арттыру бойынша білім бағдарламасы талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылды. Шараға мемлекеттік органдардың, балалар құқығын қорғау және сақтау бойынша уәкілетті органдардың, сарапшылар қауымдастығының, байланыс операторлары мен хостинг-провайдерлердің, қазақстандық танымал ғаламтор ресурстарының, қызметі балалар құқығын қорғауға бағытталған қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шара Ғаламтор қауымдастығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ қолдауымен өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz.